Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері

Жаңалықтар 15 сәуір, 2025

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар Офисінің және Қостанай облысы әкімдігініңқатысуымен мемлекеттік қызметшілерге, ҮЕҰ өкілдеріне және Қостанай облысының жұртшылығына арнап «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері»тақырыбында оқыту семинар-тренингін өткізді,- деп хабарлайды turkistan.today

Семинар-тренингке Қостанай облысының жергілікті құқық қорғау және сот органдарының, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ адвокатура институтының, азаматтық қоғам және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренинг тыңдаушыларының алдында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар Офисі Басшысының міндетін атқарушы Юрий Фенопетов мырза құттықтау сөз сөйледі.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі зерделенді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.

Семинарда Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын өзге де адамдардың азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері қаралды. Тыңдаушылар азаматтардың өз құқықтарын сотта және соттан тыс қорғау, азаптаулардан және қатыгездік пен жазаның басқа түрлерінен, кемсітушіліктен еркін болу, білікті заң көмегін алуконституциялық құқықтарын іске асыру тетіктерімен танысты. 

Тыңдаушылар сондай-ақ азаматтар мен өзге де адамдардың ақпарат алуға, білім алуға, әлеуметтік қызмет көрсетуге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға конституциялық құқықтарын іске асыру тетіктерімен, сондай-ақ қоғамдағы ықтимал еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және шешу тетіктерімен танысты. 

Бұдан басқа, семинарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын, сондай-ақ әйелдер мен балалардың, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарынқорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшелері Т.Әбішев, С.Жаркенова, З.Байсақова және И.Осокина тыңдаушыларға адамныңжәне азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы нақты мысалдармен айтып берді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.