Қазақстандағы жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау басталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтар 1 қазан, 2024

Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады

Талантты авторларды қолдап, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңыздылығын ашуды көздейтін «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу. Мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар сынды түрлі саланың мамандарының еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.

Бұл байқау тек мамандықтың ерекшелігін ашып көрсетумен шектелмей, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, олардың армандары мен күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын көркем түрде бейнелеуді талап етеді. Байқау жас авторларға еңбек адамдарының рухын, олардың ерекше қасиеттерін ашып, жаңа образдар жасауға мүмкіндік береді.

«Жеңімпаз келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітаптың жарық көруін және бүкіл ел бойынша таралуын қамтамасыз етеді», – деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында.

Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.