Мәдениет және ақпарат министрлігі бірінші жартыжылдықтағы негізгі нәтиже бойынша қорытынды жасауды жалғастыруда,- деп хабарлайды turkistan.today
Қазақстанда жастарды қолдаудың жүйелі бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол 2029 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдаманың басты ерекшелігі – жастар үшін жұмыс істеу емес, жастармен бірге тең дәрежеде қызмет ету. Құжат қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа буынның сұраныстарына сай бейімделген.
«Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасына сәйкес, жастардың басты сұраныстарының бірі – баспанамен қамтамасыз ету. Осыған жауап ретінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Наурыз» және «Отау» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары іске қосылды. Бұл бастамаларға 219,8 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 35 жасқа дейінгі 5,4 мыңнан астам азамат мемлекеттік қолдауға ие болды.
«Jas Kenes Syilygy» атты беделді жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы сияқты дарынды әрі белсенді жастарды қолдауға бағытталған маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.
Жартыжылдықтағы маңызды оқиғалардың бірі – Алматы қаласының Орталық Азия елдері бойынша 2025 жылғы Жастар астанасы атануы. Бұл – қаланың жастар саясатын дамытуға қосқан үлесінің халықаралық деңгейде бағалануы.
Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жас көшбасшылары мен таланттарының кездесуі өтпек. Бұл іс-шара жастар арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайтудың алаңына айналады.
2024–2026 жылдарға арналған республикалық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі Жол картасы аясында бірқатар ірі іс-шара өтті. Атап айтсақ, ASK CAMP форумы, «JAS POWER TALKS», сондай-ақ «Жайдарман» республикалық ойындары ұйымдастырылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.