"Азық-түлікті дәретханада сақтаған". Қызылорда облысындағы лагерлердегі келеңсіз жайттар әшкере болды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 5 тамыз, 2023

Қызылорда облысында прокурорлар тексеру жүргізу кезінде балалар лагерлерінде көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылы білім беру органдары 8 мыңға жуық баланы балалар лагеріне жіберуді жоспарлаған. Оның ішінде бүгінгі күні 3464 бала демалып үлгерді. 

Прокурорлар Шиелі ауданында орналасқан «Сыр ұланы» лагерінің қызметін тексеру барысында азық-түліктің ескі дәретхана бөлмесінде сақталғанын және балалар үшін жуынатын душтың жоқ екенін анықтады. Қазалы ауданындағы «Шағала» лагерінде суы лас бассейнде балалардың шомылуын ұйымдастырылғанын, сондай-ақ микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асханалық ыдыста ішек таяқшасын анықталған. Сырдария ауданындағы «Жалын» лагерінде төсек-орын жабдықтарын (матрастарды) дезинфекциялау және басқа да көптеген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған, - деп жазылған Қызылорда облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта. 

Жалпы, лагерьлердің қазіргі жағдайы жақсы күйде емес. Лагерь ғимараттары ескі, олардың кейбіреулері күрделі жөндеуді қажет етедтіні белгілі болды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде, олардың нәтижелері бойынша алдағы уақытта құзырлы органмен тиісті шаралар қабылданады.

815

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.