ҚазМұнайГаз «Өзенмұнайгаз» АҚ-дағы жағдайға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан
Жаңалықтар 4 желтоқсан, 2024

2024 жылы 12 қарашада «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты Бұрғылау жұмыстары басқармасы  қызметкерлерінің кәсіподағы рұқсатсыз акция ұйымдастырып, бірқатар талап қойғаны белгілі.  Өзенмұнайгаз басшылығы БЖБ жұмысшыларымен тұрақты түрде келіссөз жүргізіп келеді. Бұл туралы ҚазМұнайГаз мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Сонымен қатар, 2024 жылы 3 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырды. Келіссөз қорытындысы бойынша хаттама жасалды.

"Хаттама рұқсатсыз акцияға шыққан жұмысшылардың назарына жеткізілді. Алайда, ӨМГ БЖБ кәсіподақ төрағасы оған қол қоюдан бас тартты. ҚР заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары үшінші тұлғалардың араласуынсыз тікелей жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында реттелуі тиіс екенін хабарлаймыз. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ осыған дейін әр талап бойынша толық түсініктеме берген болатын. Мысалы, ӨМГ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балалары компанияның штатына тікелей алынса, 2020 жылы бекітілген жұмысқа орналасу алгоритмін бұзады. Алгоритмге сәйкес ӨМГ зейнеткерлерінің балалары мен жұмыссыз азаматтар тең дәрежеде жұмысқа қабылданады. Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады. Сондай-ақ, ҚазМұнайГаз компаниясы ӨМГ қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы толық ақпарат берді. ӨМГ мен үш кәсіподақ арасындағы ұжымдық шарт 2024 жылы 25 сәуірде жасалды. Ұжымдық шартқа сәйкес ӨМГ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 44 млрд теңге қарастырылған, соның 5 млрд теңгесі (11%) компанияның Бұрғылау жұмыстары басқармасына арналған. ӨМГ-де жақсы еңбек жағдайы жасалған деп есептейміз, әрбір қызметкерді әлеуметтік қолдауға жыл сайын 3,8 млн теңге бөлінеді. БЖБ жұмысшыларын жұмысқа шығуға және келіссөзді бітімгерлік комиссия аясында жүргізуге шақырамыз",- делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.