Бакуде Әзербайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығы ашылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 8 шілде, 2024

Utebayev University Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова Баку жоғары мұнай мектебіне барып, Әзербайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды turkistan.today порталы BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап. 

Бұл орталық оқу орындарының одан ары дамуына, кең бейінді ғылыми зерттеулер жүргізуіне, бірлескен ғылыми форум, конференция, семинарлар өткізу саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жол ашады.

Әзербайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының мақсаты – ғылыми зерттеулер мен технологиялық прогресс арқылы тұрақты тәжірибелерді енгізу және қоршаған ортаны сақтауда ынтымақтастық орнату.

Бұл орталықтың тағы бір артықшылығы – экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақты тәжірибелерді енгізуге және студенттер мен жас мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі. Жастарды осы орталыққа тарта отырып, біз өскелең ұрпақтың тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы жұмысты жалғастыруларына қолдау көрсетеміз, - дейді ректор Гүлзада Шакуликова.

Орталық Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеуге, көмірсутек секторындағы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтудың инновациялық әдістерін әзірлеуге және мұнай-газ саласындағы процестерді оңтайландыру үшін озық цифрлық шешімдер қабылдауға септігін тигізеді.

Сондай-ақ студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін ұсына отырып, академиялық ұтқырлықты дамытады.

717

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.