2023 жылғы 18 сәуір, Астана қаласы. Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен үлестік құрылыстың проблемалық мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп Turkistan Today хабарлайды ҚР Бас Прокуратурасына сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, елорда әкімі, құрылыс істері комитетінің, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ның төрағалары, өңірлердің прокурорлары және облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары жұмысқа қатысты.
Кеңесті аша отырып, Берік Асылов әрбір отбасы өз баспанасын армандайтынын атап өтті. Адамдар жылдар бойы пәтерге жинайды немесе несие рәсімдейді.
Бұл ретте жосықсыз құрылыс салушылар азаматтарды төмен бағамен желіктіріп, оларды алдайды.
Нәтижесінде үлескерлер ақшасыз және қалаған «шаршы метрсіз» қалады.
Бұл туралы ағымдағы жылдың басында Президент елорданы дамыту жөніндегі кеңесте айтқан.
Мемлекет басшысы сәулет және құрылыс саласындағы бақылауды күшейтудің, құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтудің жаңа тәсілдерін көздеуді тапсырды.
Соңғы екі жылда тергеу органдарымен 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталған. Бұл құрылыс салушылар 30 млрд теңгеден астам шығын келтірді.
300-ден астам компаниялар заңсыз алымдар үшін 250 млн теңге айыппұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қазір елімізде 44 үйді салып бітіру қалғанын айтты. Көпшілігі елордада – 16. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылады.
Бас Прокурор құрылыс салушылардың алдын ала, ниет, инвестициялар және т.б. шарттар арқылы заңды айнала өте азаматтардың қаражатын тарту бойынша заңсыз әрекеттеріне назар аударды.
Заң бойынша құрылыс салушылар үлескерлердің ақшасын екі жағдайда ғана тарта алады.
Бірінші. Қазақстан тұрғын үй компаниясымен келісім-шарт болған кезде.
Екінші. Әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.
Егер жобаға банк қатысса немесе үйдің қаңқасы болса, әкімдіктің рұқсаты беріледі. Сондай-ақ, жаңа заңда шарттың атауымен манипуляциялар жасау жағдайы алынып тасталды.
Сондықтан азаматтардың қаражатын тарту үшін құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуы қажет.
Жалпы, кеңес жұмысында қатысушылар үлестік және тұрғын үй құрылысын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйін талқылады, ұйымдастырушылық кемшіліктер мен барлық тәуекелдерді зерттеді.
Бас Прокурормен Құрылыс істері комитетіне Проблемалық тұрғын үйлердің бірыңғай реестрін оларды іске қосылуына дейін бақылау үшін әзірлеуді тапсырды.
Елордалық әкімдіктің алдына проблемалы үйлердің құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды.
Өз кезегінде Индустрия министрлігіне құрылыс салушыларға қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.
Кеңес соңында қадағалау ведомствосының Басшысы қызметкерлер мен бақылаушы органдарға құрылыс компанияларының іс-әрекеттерін мұқият қадағалауды тапсырды. Егер бұзушылықтар анықталса, азаматтар зардап шекпеуі үшін тез әрекет ету.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.