Баянауыл ауылының тұрғынын дәрігерлер ми тамырының жарылуынан сақтап қалды

Жаңалықтар 7 мамыр, 2025

Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауылының 59 жастағы тұрғыны таңертең өзін нашар сезініп, қатты басы ауырып, құсу және есінен тану белгілері байқалған,- деп хабарлайды turkistan.today

Туыстары дереу жедел жәрдем шақырды. Шақыртылған жедел медициналық көмек бригадасы оның қан қысымының тым жоғары екенін анықтады. Пациент жағдайының ауырлығына байланысты ол санитариялық авиация арқылы шұғыл түрде Кардиоорталықтың қабылдау бөліміне жеткізілді.

Ауруханада мидың КТ жүргізіліп, субарахноидалді қан құйылғаны және мидың маңдай бөлігі аймағында үлкен аралық гематоманың пайда болғаны анықталды. Жедел түрде нейрохирургтің кеңесімен 3D реконструкциясы бар ангиография жасау туралы шешім қабылданды.

Зерттеу кезінде алдыңғы біріктіруші артерияда кең негізді, екі қосымша дивертикулы бар жарылған қапшық тәрізді аневризма анықталды. Аневризманың күмбезі ішкі медиалды бағытта орналасқан. Сонымен қатар, екі ішкі ұйқы артериясында иіліс (кинкинг) байқалды, алайда алдыңғы біріктіруші артерия қалыпты жұмыс істеп тұрды.

Өмірлік көрсетілімдері бойынша рентгенэндоваскулярлық операция жасалды – аневризма арнайы микрокатушкалармен (микроспиралдармен) толық эмболизацияланды. Операция сәтті өтті, аневризманың бүкіл қуысы сенімді түрде жабылды.

Пациенттің жағдайы ауыр күйде қалып, 9 күн бойы реанимация бөлімшесінде қарқынды ем алды.
Жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол әрі қарай ем қабылдау үшін неврология бөлімшесіне ауыстырылып, кейін денсаулығы жақсарған күйде үйіне шығарылды.

Осындай патологиялар кезінде өлім деңгейі, әсіресе аурудың жіті және ерте кезеңдерінде 50%-ға дейін жетеді. Алайда жедел жәрдем бригадасының уақтылы әрекеті, санитариялық авиациямен жедел жеткізу және Кардиоорталық мамандарының кәсіби жұмысы пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Пациентке көрсетілген барлық медициналық көмек әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде тегін көрсетілді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.