Біздер үшін 39 ел ғана визасыз

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 4 шілде, 2023

ҚР азаматтары небары 39 елге ғана визасыз бара алады, деп хабарлайды Turkistan Today.

2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша төлқұжат күші бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 97 елден 53-орынға ие болды. Рейтингке БҰҰ-ға мүше 193 ел мен 6 аймақ қатысты (бір орынды бірнеше мемлекет алады).

ҚР-ның индексі 91 болды (көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, елдің төлқұжаты соғұрлым күшті). Қазақстан төлқұжаты бар азаматтар 39 елге визасыз бара алады, тағы 52 елге кірген кезде виза ала алады, ал 107 елде қазақстандықтарға виза қажет. Бір қызығы, ҚР Тынық мұхитындағы ергежейлі арал мемлекет Наурумен қатар тұр.

Әрбір төлқұжаттың жеке санатын анықтау үшін рейтинг сарапшылары үш деңгейлі әдісті қолданды:
• Мобильдікті бағалау (MS) — визасыз режим (VF), визаны келген кезде алу (VOA), кіруге электронды рұқсат (eTA) және 3 күн ішінде берілетін электронды визаны (eVisa) қамтиды.
• VF және VOA ұпайлары.
• БҰҰ Даму Бағдарламасының Адам дамуының индексі (қосымша критерий ретінде пайдаланылады).

Әлемдегі ең мықты төлқұжат БАӘ азаматтарында. Оларға 125 елде визасыз режим бар, тағы 55 елде визаны келген кезде алуға болады, тек 18 елде виза қажет.

Рейтингтің ортасында 45-орында 101 индекспен Шығыс Тимор мен Бахрейн орналасқан.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан паспорты Украина*, Ресей, Молдова және Беларусь паспорттарынан төмен; бұл ретте Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның төлқұжаттарына қарағанда біздің төлқұжатымыз мықтырақ.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Биыл бірінші тоқсанда Қазақстанға 7,7 мың адам келген, бұл бір жыл бұрынғыдан 87% көп. Оның ішінде ҚР қалаларына 5,5 мың адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 2,2 есе көп, ауылдарға — 2,2 мың адам келді, бір жыл бұрынғыдан 33,3% көп.

Бұл ретте елден 2,7 мың адам кеткен, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 49,6% аз. Соның ішінде қалалардан кеткендер саны бір жылда 53,6%, 2 мың адамға, ауылдарда 29%, 620 адамға дейін азайды.

Өңірлер ішінде Маңғыстау облысына ең көп келген: 1,5 мың адам, бір жылда 10,6% көбейген. Көшіп келушілер сонымен қатар Алматы қаласы (1,4 мың адам, жылдық өсім 2,3 есе) және Алматы облысын (791 адам, жылдық өсім 2 есе) көбірек таңдаған. Ең аз сұранысқа ие Қызылорда облысы жыл басынан бері 4 адам келген болса, бір жыл бұрын 1 адам ғана болған.

Халықтың басым бөлігі Қостанай облысынан кеткен: 488 адам, бір жыл бұрынғыдан 24,3% аз. Одан кейін Қарағанды (263 адам, 61,4% азайған) және Солтүстік Қазақстан (253 адам, 39,9% азайған) облыстарынан кетті. Ең аз Қызылорда облысынан кетті: 6 адам, бір жыл бұрын 1 адам ғана кеткер.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.