Бизнес ақша шешіп, банктерден 403 млрд тг әкетіпті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 27 маусым, 2023

Қазақстандық банктердегі бизнестің депозиті биыл 1 мамырда 13,8 трлн теңге болды. Бұл бір ай бұрынғыдан бірден 2,8% (немесе 403 млрд теңгеге) аз. Алғашқы ондықтағы екі банкте ғана көрсеткіш оң, соның тек біреуінде ғана өсім айтарлықтай, деп хабарлайды Turkistan Today.

Үздік он банктің ішінде бизнестің депозитінің бір айлық өсімінде Bereke Bank көш басында: бір айда 2,3% ұлғайып, 800,4 млрд теңгеге жетті. Ескерту: жылдық динамикада да банктің көрсеткіші бірден 6,6 есе өсіммен көш бастап тұр.

Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында Halyk Bank: 0,4% көбейіп, 5 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк портфелін 1,3% ұлғайтты.

Қалған он банкте бизнестің депозиті бір айда азайып кетті. Ай сайынғы динамика бойынша жалпы сектордағы алғашқы 10 банктің 8-і және 21 ЕДБ-нің 13-і көрсеткішін әлсіретті.

Еске салайық, жыл басында заңды тұлғалардың депозит көлемінің динамикасы біркелкі болмады — мысалы, қаңтарда көрсеткіш бір айда 2,1% төмендеп, ақпанда тағы 4,7% азайып, наурызда 3,6% көбейіп, сәуірде қайта азайған.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.