БҚО-да киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 31 тамыз, 2023

Тіркемеде 20 тонна киім-кешек болған.

Батыс Қазақстан облысында 20 тонна киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті. Оқиға Теректі ауданы аумағында болды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz БҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

"Сағат 17.03-те 101 телефонына Самара-Шымкент тас жолының 311-шақырымында жартылай тіркеменің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде DAF маркалы жүк көлігінің жартылай тіркемесі және 3 га аумақта құрғақ шөптің отқа оранғаны анықталды. 25 жастағы қырғызстандық жүргізуші Қырғыстаннан Мәскеуге бара жатқан. Тіркемеде 20 тонна киім-кешек болған. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің күшімен (14 адам, 3 техника) сағат 20.45-те оқшауланып, 21.52-де ауыздықталды. Қазір оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын анықталу үстінде. Зардап шеккендер жоқ", деп хабарлады ведомстводан.

720

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.