Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: kazenergy.com
Фото: kazenergy.com
Саясат 14 ақпан, 2025

KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен тыс жиналыс өтіп, жаңа төраға сайланды. Іс-шараға Қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың басшылары қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY Төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлап, осы лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.

"Болат Оралұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялардағы басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ ҚР Энергетика министрі және Мемлекет басшысының кеңесшісі сияқты жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сонымен қатар, Болат Оралұлы біздің Қауымдастықты екі рет Бас директор ретінде басқарды және оның есімі кәсіби ортада кеңінен танымал", – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Болат Ақшолақовтың кандидатурасын KAZENERGY қауымдастығына мүше барлық компаниялар бірауыздан қолдады.

Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиевке еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.