Бұрын дым бітірмеген депутаттардың тағы сайлауға қатысуы – ұятсыздық

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 17 наурыз, 2023

Мұндай пікірмен саясаткер Азаматхан Әміртай Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Turkistan Today.

«Мұндайлардың ұяты жоқ болса, қайтеміз. Билікке деген амбициялары таусылмай жатыр. Барып, тағы да рахат өмір сүрсек деп ойлайды. Мәжіліс рахат өмір сүретін емес, халыққа қызмет ететін жер. Барлық нәрсе ниетке байланысты, олардың халыққа қызмет ету ниеті болмаса, қанша рет депутат болса да халыққа қызмет қылмайды. Бірақ сайлауға қатысу олардың құқығы, оны шектей алмаймыз», - дейді ол. 

Азаматхан Әміртайдың айтуынша, көпшілік жұрт «депутат, партия» деген сөздерге сенбейді. 

«Сендер өтірік уәде бересіңдер деп айтады. Бұрын тек партия тізімімен өткесін осындай болған шығар. Қазір мажоритарлы жүйеге өтіп жатырмыз. Депутаттық мандат саяси ықпал үлкен нәрсе, сол үшін көпшілігі ұмтылады. Ал халықты ойлайтын адам депутат болса, біреудің емес, жұрттың мүддесі үшін күреседі. Сондықтан депутат болу – ләззат өмір сүру емес», - деп айтты Азаматхан Әміртай. 

Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде. 
https://www.youtube.com/watch?v=p7JAI9ypnzA&t=79s

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.