Дабыл! Түркі әлемін зерттейтін ғалым қалмай барады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі әлемі 10 қазан, 2023

«Университеттердің жанындағы ғылыми орталықтар мен институттарда айлық жоққа тән. Мен доктор, профессор адаммын. Айлығым – 200 000 теңге. «Аздап қоссаңыздар» деп есепшілеріне, басшыларына барсам, конкурспен ғылыми жобаны жеңіп алып, сол арқылы айлықтаныңыз дейді» - деп Turkistan Today жазады танымал түркітанушы, белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының фейсбук парақшасына сілтеме жасап. 

Көне дәуір құндылықтарын қазақ еліне қаншама еңбекпен жеткізген ғалымның жанайқайын Нұрхан Хамзеұлы өзінің фейсбук парақшасына жариялаған.

Қ.Сартқожаұлының жазуынша: «Министрліктің ғылым комитетінен жарияланған тақырып бойынша соңғы 7 жылда үш мәрте түркология тақырыбында жоба ұсынған. Ол айналысып отырған екі мың, үш мың жыл бұрынғы тарихпен басқа ешкім айналыспайды. Оны меңгерген ғалым(дар) жоқ. Ғылым комитетінің ұйымдастырған ғылыми кеңесінде осы 7 жылда менің тақырыбыма экспертиза жасаған түрколог көрмеген. Заңгер, экономист, педагогтар эксперт болыпты». 

«Бұл не? Маған жасаған қастық па, әлде, ұлтқа жасаған қысастық па?  Жасым келіп қалды. Көп болса 3-4 жыл ғана жұмыс жасай аламын. Қуатымыз бар кезімізде біздерді сығып отырып, басымыздағы дүниелерді алып қалу керек-ақ. Ол – қазақ халқына, бүкіл түркі дүниесіне қажетті құндылықтар. Бізден кейін бұл салаға жанкештілікпен кірісетін ұрпақ табылмай қалуы да мүмкін. Соны ғылым комитеті ойлану керек» - дейді Қ.Сартқожаұлы. 

Оған қоса, «екі мың, үш мың жыл бұрынғы түп деректермен жұмыс жасап, тарихпен ұштастыратын тарихшыны (Қазақстаннан) таппай отырмын. Сондықтан жастарды дайындау керек. Қалай дайындауды ғылым комитеті шешу керек. Бұл – бір ғана түркологияда туындап отырған мәселе. Басқа салаларда да осындай оқиғалар етек болған сияқты» - деген ғалымның жазбасы желіде қызу талқылануда.

Фото: e-history.kz

2.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.