Даниал Ахметов қызметінен кетті

Даниал Ахметов қызметінен кетті

Ол облысты 2014 жылдан бері басқарды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп Turkistan Today inbusiness.kz сілтеме жасап хабарлайды.  

Даниал Ахметов облысты 2014 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол үш рет – 2017, 2019 және 2022 жылдары әкім қызметіне қайта тағайындалды.

Былтыр 11 маусымда Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарғанын хабарлаған болатын.

Бұған дейін 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi болса, 2009 жылы бұл қызметтен жеке бизнеске ауысқан еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0