Танымал түрколог, академик
Дархан Қыдырәлі 2023 жылғы Юнус Эмре сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Түркиялық ғалым, профессор Рамазан Коркмаз хабарлағандай, аталған жоғарғы марапат Дархан Қыдырәліге Халықаралық Түркі академиясын басқарған кездегі қызметі және Моңғолия Ғылым академиясымен бірлесіп жүргізген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Елтеріс Құтлық қағанның кешені мен бітіктасын ашқан еңбегі үшін берілген. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Дархан Қуандықұлының түркі елдеріне ортақ оқулықтар әзірлеуге бастамашы болып, бауырластық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын да атап өтті.
Айта кету керек, аталған марапатты табыстау салтанаты Юнус Эмренің туған жері Анадолы аймағының Михаличчик елді екенінде өтті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.