Ол Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметіне келді.
Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған қызметке Дастан Рыспеков пен Алмаз Ыдырысов келді.
Дастан Адайұлы 1984 жылы Жезқазған қаласы, Қарағанды облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастаған. Әр жылдары түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Сонымен қатар тағайындалған облыс әкімінің тағы бір орынбасары - Ыдырысов Алмаз Серікболұлы. Ол 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2003 жылдан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2022 жылдың маусым айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі болып еңбек етті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.