Депутат Қарақат Әбден депутаттық мандатынан айырыла ма?

Депутат Қарақат Әбден депутаттық мандатынан айырыла ма?

"Ауыл" фракциясының мүшелері Қарақат Әбденді мандатынан айыру туралы өтінішке қатысты пікір білдірді, - деп Turkistan Today хабарлайды tengrinews-ke сілтеме жасап.

 
Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің Қарақат Әбденге жолдаған депутат құқығынан айыру петициясы туралы сұраған. Ол Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы мәлімдемесі үшін  мандатын қайтарып алуды талап еткен.


Бұл ұсынысты депутат президенттікке кандидат болып жүргенде теледебат кезінде айтқан еді.
"Дина Таңсәрі , әрине, азамат ретінде кез келген шешім қабылдауға құқылы. Бірақ оның нақты сұрақтары болса, келсін, кездесейік, немесе біз олмен кездесе аламыз. Оның кез келген сұрағына жауап бере аламыз", - деді "Ауыл" фракциясының жетекшісі Әнас Баққожаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп.


Сонымен қатар, Баққожаев фракция депутаттарға пікір білдіруге тыйым сала алмайтынын айтты.
"Тыйым салмаймыз. Әр депутаттың өз ойы бар. Бұл туралы Қарақат Әбден президенттік сайлауға қатысып жүргенде айтқан. Фракцияның ұстанымы басқа, депутаттың ұстанымы басқа. Сондықтан бұл мәселе фракцияда қаралып жатыр", - деп түйіндеді ол.


Журналистер Баққожаевтан "Ауыл" фракциясы Мәжілістегі әріптесінің ұсынысын алға тарта ма деп сұрады.


"Жоқ, бұл мәселемен фракция айналыспайды. Біз басқа бастамаларды ұсындық, солармен айналысамыз", - деді Баққожаев.


Еске салайық, былтыр 11 қарашада президенттікке кандидаттардың теледебаттары кезінде Қарақат Әбден шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына ірі көлемде салық енгізуді ұсынған болатын.


Кейін Мәжілісте депутат Әбден бұл мәселе бойынша тағы да сөз сөйлеп, елде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу мәселесін қарастыру туралы ойынан бас тартпағанын айтқан еді.

Фото: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0