Қырғызстанда депутат никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 24.kg-ға сілтеме жасап.
Депутат Шарапатқан Мәжитованың айтуынша, қоғамдық орындарда бетті тұмшалап жүруге, сондай-ақ бетін толық жауып тұратын баскиім киюге тыйым салу керек. Ол Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетін тұмшалайтын немесе адамды тануда қиындық тудыратын киім киюге тыйым салатын заң қабылданғанын тілге тиек етті.
Бұл заң бізге де керек. Көбі паранджа кие бастады. Олар орамал тақсын, бірақ бетті жабудың қажеті жоқ. Бұл өте қауіпті, - деді ол.
Айта кетейік, жақында Өзбекстан билігі азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүруге заңмен тыйым салған еді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.