«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шардара қаласындағы суқойма жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оған аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары, еріктілер мен белсенділер, түрлі мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары атсалысты.
Жалпы тазалық жұмысына 100-ге жуық адам қатысты. Бүгінгі тазалық акциясында су жағалауы ғана емес, сонымен қатар арнайы мамандар су түбіндегі қоқыстарды да тазалады. Акция аясында 2 500 түп ағаш отырғызылып, 17 елді мекеннен 175 тонна күл-қоқыс шығарылды. Оған 14 техника мен 900-ден астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, жер қопсыту, ағаш әктеу, көше жиектерін сырлау жұмыстары жүрді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.