Электр станцияларындағы жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде

Жаңалықтар 4 мамыр, 2025

Алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды дайындау жұмыстары ұйымдасқан түрде жүріп жатыр. Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерімен қатарлас режимде тұрақты жұмыс істеуде. Электр станциялары Системалық оператор бекіткен кестеге сәйкес жүктемені көтеріп отыр,- деп хабарлайды turkistan.today

2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 энергия блогында, 16 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңде жүріп жатыр. 1 энергия блогы мен 2 қазандықтағы жөндеу аяқталды.

Энергетика министрлігі жөндеу науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауда.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.