Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалдық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Turkistan Today ақпараттық агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз Рыбакина ширек финалдық жолдама үшін ресейлік ең мықты теннисші Дарья Касаткинаны қапы қалдырды. Бірінші сетте Касаткина 7:5 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында Рыбакина екі рет (1:3 және 3:4-тен) шеберлік танытып, 7:5 есебімен басымдыққа ие болды. Үшінші сетте барлығы Рыбакинаның пайдасына тай-брейкте шешілді – 7:6 (10:8). Матчтың ұзақтығы шамамен үш жарым сағатқа созылды.
Аталған турнирде қазақстандық Елена Рыбакина US Open-2017 жеңімпазы америкалық Слоун Стивенсті жарыс жолынан шығарған еді.
Ширек финалда Рыбакина тағы бір ресейлік әйел Людмила Самсоновамен (WTA №18) кездесу өткіздеді. Ресей теннисшісі бұған дейін швейцариялық Белинда Бенчичті турнирде жеңген болатын.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.