Елордада гимнастиканы дамыту жұмысы қалай жүріп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Спорт 15 сәуір, 2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдаулары мен тапсырмаларында бұқаралық спортты дамыту, оған халықты барынша тарту және спортшыларды даярлау үшін тиісті жағдай мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Астанада бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Жас астаналықтар арасында ең танымал спорт түрлерінің бірі – гимнастика. Спорттың бұл түрі қалада қалай дамып жатқаны турлы онлайн-брифингте «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы Сайранбек Әбілқайыр айтып берді, деп Turkistan Today хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, егер балаңыз батуттық, спорттық немесе көркем гимнастикаға қызығушылық танытса, икемді болса, онда аталмыш мектепке іріктеуге қатысып, тегін жаттыға алады.

Іріктеу жыл сайын оқу жылының басында, яғни тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басында өткізіледі. Іріктеу үшін қажетті құжаттар: ата-ана куәлігі, электронды қолтаңба, медициналық анықтама.
Биыл, яғни оқу жылының басында мектеппен 5 пен 18 жас аралығындағы 545-тен астам бала қамтылса, жоғары санатты 27 жаттықтырушы, 14 хореограф жұмыс істейді.

«2022-2023 оқу жылының басынан бері спортшыларымыз 305 медаль жеңіп алды: 124 алтын, 106 күміс және 75 қола медаль.

Оның ішінде ҚР спорт шебері, әлем чемпионаты және халықаралық жарыстардың жүлдегері ұлттық құраманың мүшесі Дильназ Байленова бар. Сол сияқты Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабина Бакатова, Эрика Жайлауова, Айым Мейіржанова секілді жұлдыздарымыз бар», – деп атап өтті мектеп басшысы.
Студенттер санының көбеюіне байланысты спорт сабақтарын өткізу үшін жалға алынатын орындар саны артты. Олар: «Думан» спорт кешені, «Жеңіс» спорт кешеніндегі залдың бір реттік сыйымдылығы 260 адамды құрайды.

Наурыз айынан бастап көркем гимнастика бөлімі үшін 1038,6 шаршы метрді қамтитын «Медипол» кешені жалға алынды.

Жыл сайын тұрақты өткізілетін жарысқа 300-ден астам елордалық көркем гимнасшы қатысып, үш күн бойы өзара жас ерекшеліктеріне сәйкес сынға түсті. Аталмыш чемпионат жыл сайын наурыз-мамыр айларында дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Жарыстың нәтижесінде қалалық құрама жасақталды. Іріктеуден өткен спортшылар алдағы халықаралық, құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайды. Алдағы тамыз-қыркүйек айларында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының ашық чемпионаты өткізіледі және қазан-қараша айларында көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионатын өткізу жоспарда тұр.

«Кеше спортшыларымыз Болгария астанасы София қаласында өткен халықаралық турнирде бақ сынап, жүлделі оралды. Топтық сайыста «Фурор» командасы екінші және үшінші орын иеленсе, жеке сайыс бойынша Эрика Жайлауова қола жүлдені еншіледі», – деді спикер елордалық спортшылардың жаңа жетістіктері туралы.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.