Түркия президенті ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды деген хабар пайда болды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбіде тікелей эфирде сұхбатты асқазан тұмауынан емес, микроинфаркт кесірінен тоқтатуға мәжбүр болған, дейді түрік БАҚ. Алайда түрік президентінің баспасөз қызметі мұндай ақпаратты жалған деп сендіреді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz ке сілтеме жасай отырып.
Ердоған әкімшілігі жанындағы жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы инфаркт туралы нұсқаны жоққа шығарды. Түркия вице-президенті Ердоғанның жағдайы "өте жақсы", оған бар болғаны суық тигенін айтты.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жергілікті телеарналарға берген сұхбаты кенеттен үзіліп, кейін түрік көшбасшысы асқазан тұмауына байланысты өзін нашар сезінгені хабарланды.
Ауыр сайлау науқанын жүргізіп келе жатқан 69 жастағы президент сәрсенбі мен бейсенбіге жоспарланған шаралардың барлығын кейінге қалдырды.
Ердоған қазір мамыр айының ортасында өтетін президенттік сайлау қарсаңында ауыр науқан жүргізіп жатыр және оның жеңу мүмкіндігі оппозициялық альянстың кандидаты 74 жастағы Кемал Кылычдароғлымен теңбе-тең. Сәуір айында жүргізілген сауалнамалардың көпшілігі оппозиция жиырма жыл бойы Түркияны басқарған Ердоғаннан бірнеше пайыздық тармаққа озып кеткенін көрсетеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.