Фармацевтер жыл басында өндіріс көлемін айтарлықтай көбейтті

Фармацевтер жыл басында өндіріс көлемін айтарлықтай көбейтті

Бірақ дәрі бағасы да өсті: бір жылда бірден 13,6% қымбаттады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биылғы алғашқы айда фармацевтикалық препараттар өндірісі 17 млрд теңгеге жетті, оның 15,7 млрд теңгесі дәрі, 1,3 млрд теңгесі басқа фармацевтикалық препараттар болды. Дәрі өндірісі 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда ақшалай түрде 61,3% (және нақты түрде 57,3%), басқа фармацевтикалық препараттар өндірісі ақшалай — 22,9% (нақты өсім бар болғаны 0,1%) көбейді.

Жалпы, 2022 жылы дәрі өндірісінің көлемі 142 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар–желтоқсанымен салыстырғанда құндық мәнде 4,5% аз, ал басқа фармацевтикалық препараттар өндірісі бірден 2,4 есе, яғни 17,9 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Антибиотиктер сияқты фармацевтикалық препараттардың маңызды сегментінде отандық компаниялар сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 18,4% қамтамасыз етті, көрсеткіш 2021 жылы 14,8% болған. Саладағы өндіріс бір жыл ішінде бір жарым есе өсіп, 2022 жылдың қаңтар–желтоқсанында 14,1 тоннаға жетті. Антибиотиктер импорты 15,2%, бірден 62,4 тоннаға дейін өсті. Ішкі нарықта антибиотиктер сатылымы 20,4% өсіп, 76,5 тоннаны құрады. Сектордағы экспорт бар болғаны 27,7 кг болды.

Провитаминдер, витаминдер және олардың туындыларына келетін болсақ, шын мәнінде ҚР-дағы бұл нарықты толығымен импорт жабады. Отандық фармацевтикалық компаниялар 2022 жылы небәрі 0,1 тонна өнім шығарды — 2021 жылмен бірдей, бұл сұраныстың 0,03%-ы ғана. Бұл ретте сектордағы импорт бір жарым еседен астамға өсіп, 307 тоннаны құрады. Провитаминдер, витаминдер және олардың туындыларының экспорты (бұл жағдайда — реэкспорт) бір жылда 2,7 есе азайып, 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда 3,8 тоннаны құрады. Ішкі нарықтағы сату көлемі бір жарым еседен астам өсіп, 303,3 тоннаға жетті.

2023 жылдың ақпан айында фармацевтикалық өнімдер бір айда 1,2% қымбаттады. Былтыр ақпан айында да секторда баға осыншалықты өскен еді.

Былтыр фармацевтикалық өнімдер ең қатты қымбаттаған ай наурыз және сәуір айлары (1,7%), одан кейін қазан (1,6%) болған еді.

Жылдық динамикада фармацевтикалық өнімдер 13,6% қымбаттады, бұл 2017 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары жылдық өсу қарқыны.

Өңірлер бойынша биыл ақпанда фармацевтикалық өнімдер бір жылда Алматы облысында 7,2%-дан Алматы қаласында 21,2%-ға дейін қымбаттады. Маңғыстау (18,3%), Солтүстік Қазақстан (15,4%) және Қызылорда (15,3%) облыстарында да айтарлықтай өсім байқалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0