Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетін басқарады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Спорт 5 ақпан, 2024

Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа төрағасы болып боксшы Геннадий Головкин тағайындалады. Бұл туралы YEDILOV ONLINE телеграм арнасы жазды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен аптада Мәжіліс депутаттары комитеттің қазіргі басшысы Тимур Құлыбаевқа шүйлігіп, кәсіпкерлерді спорт саласынан алып тастау керегі туралы айтқан еді.

Ұлттық Олимпиада комитеті мәжілісмендердің сынына жауап беріп, мемлекеттің ҰОК істеріне араласуы заңсыз және елдің имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды.

ҰОК мәліметтері бойынша, комитет елдің спорттық қызметіне байланысты мәселелерді белсенді талқылауды бағалайды. Алайда мәжілісмендердің соңғы мәлімдемелері мен үндеулері аясында комитет өз рөлі мен функцияларын түсіндіруге шешім қабылдады.

Мәлімдемеде Ұлттық Олимпиада комитеті үкіметтік немесе коммерциялық емес, қоғамдық ұйым екендігі баса айтылған.

Сондай-ақ ҰОК-нің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетке байланысты емес сыртқы көздерден жүзеге асырылады деп хабарланады.

Депутат мәлімдеген сандар комитет қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Аталған мемлекеттік қаражат еліміздегі спортты дамытуға, спорт резервін дайындауға жіберіледі, - делінген хабарламада.

2.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.