Қызылордада Республикалық референдум қарсаңында «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында кеңейтілген сарапшылар кездесуі ұйымдастырылды. Басқосуда конституциялық реформаның мазмұны мен ел дамуына ықпалы жан-жақты талқыланды.
Қаладағы «Достық үйінде» өткен жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жаңа Конституция жобасының стратегиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жалпыхалықтық референдум – ел болашағын айқындайтын тарихи қадам әрі азаматтардың мемлекет ісіне тікелей араласуының нақты көрінісі.
Аймақ басшысы конституциялық өзгерістердің жарты жылға жуық уақыт бойы қоғам талқысына ұсынылғанын атап өтті. Әртүрлі алаңдарда өткен ашық пікірталастар халықтың саяси белсенділігі мен жауапкершілігін айқындағанын жеткізді. «Ел тағдырына қатысты шешімді халықтың өзі қабылдауы – әділетті әрі берік демократиялық ұстаным», – деді өңір басшысы.
Жаңа редакциядағы Конституция жобасында мемлекеттің негізгі қағидаттары, ұлттық құндылықтары мен заманауи талаптарға сай басқару тетіктері жүйеленгені айтылды. Бұл өзгерістер Тәуелсіз Қазақстанның келесі даму кезеңіне берік негіз қалайды деген сенім білдірілді.
Кездесуге мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры Наурызбай Сейітқалиұлы және өзге де қоғам өкілдері пікір білдіріп, конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды.
Спикерлердің ортақ пайымы – алдағы референдум ел тарихындағы маңызды белес болмақ. Сыр жұртшылығы азаматтық ұстанымын танытып, ел дамуына бағытталған бастамаларға белсенді қатысады деген сенім айтылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.