Серіктестер

«Халықтың таңдауы – жаңа Конституция»: «Ауыл» партиясы референдум өткізуді ұсынды

Саясат 11 ақпан, 2026

«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасы елдің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтіп, оны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылдау қажеттігін мәлімдеді.

Конституциялық комиссияның 12-ші отырысында сөз сөйлеген «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасы қоғамдық талқылау нәтижесінде қалыптасқанын айтты. Оның сөзінше, құжатты әзірлеу барысында азаматтардан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс назарға алынған.

Партия төрағасы жаңа Конституция мемлекетті басқару жүйесін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты орынға қоятынын атап өтті. Аталған құжатта заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, билік тармақтарының теңгерімі мен адам құндылығы негізгі қағидат ретінде көрініс тапқан.

Сондай-ақ Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының бастамасымен өңірлерде кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Бірқатар облыстар мен қалаларда өткен кездесулерде тұрғындар өз пікірлерін ашық білдіріп, ұсыныстарын ортаға салған.

Оның айтуынша, әсіресе ауыл халқы Конституциядағы өзгерістерді елдің болашағына әсер ететін нақты әрі маңызды қадам ретінде қабылдауда. Кездесулер барысында көпшілік бұл тарихи шешім халықтың тікелей қатысуымен қабылдануы тиіс деген ұстанымда болған.

«Көптеген азаматтар жаңа Конституцияны халықтың өзі бекітуі қажет екенін айтты. Сондықтан бұл құжатты жалпыұлттық референдумға шығару орынды деп санаймын. Барша отандастарымызды жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.