2 мамырда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматыға жұмыс сапары барысында қазақстандық ірі сауда желісінде болып, компания басшылығымен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today
Тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде картоп пен ет бағасының қолжетімді болуына ерекше назар аударды. Шаруалардың үлкен шығындарына қарамастан бағаның өсімін тежеу бойынша бірлескен іс-қимылдар қажеттігі айтылды.
Кездесу аясында ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60% - ға жуығы отандық тауарлар екендігі айтылды. Бұл қазақстандық өндірушілердің бөлшек саудадағы жоғары деңгейін көрсетеді.
Министр отандық өндірушілердің сауда желілерінің сөрелеріне қолжетімділігін жеңілдету үшін жеткізілетін өнімнің стандарттарын пысықтауды ұсынды. Компания басшылығы жеткізушілерді қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабарлады және жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді, сонымен бірге қосымша жылжыту қызметтерін пайдалану еріктілігін атап өтті.
Magnum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық брендтердің танымалдығы артып келеді. Отандық өндірушілердің сатылымы артып, өндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда желісінің басшысы тауарларды ілгерілету қызметтері міндетті емес екенін ерекше атап өтті. Әр серіктес өзіне қажет нәрсені өзі таңдай алады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.