Қарағандыдағы балалар тамақтан уланбаған – ДСМ

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 8 тамыз, 2023

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан ауруханаға түскен 14 баланың жетеуі сауығып, ауруханадан шығарылды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда балалар орталықтағы дәрігерлердің бақылауында. Алты бала реанимация бөлімінде жатыр. Төрт баланың жағдайы оң динамикамен әлі ауыр. Екі баланың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромына, яғни тыныс алудың жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр, - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Ол Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру іс-шараларын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Алдын ала эпидемиологиялық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері аурудың даму сипаты тамақтан уланбағанын және инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Бұл жағдайдың болу себебін дәрігер мамандар токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды, - деді Ажар Ғиният.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Естеріңізде болса, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған бір бала қайтыс болып, тағы алтауы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлағанбыз. Осы жайтқа байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасаған болатын

848

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.