Жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана қаласы интернет жылдамдығы бойынша халықаралық рейтингіде Токионы басып озғанын айтқан еді. Осыған қатысты министрлік өкілдері түсініктеме берді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министрліктің телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов жауап берді. Ол өз кезегінде бұл халықаралық рейтинг компаниясы дүниежүзіне танымал екенін айтты.
Аталған компания негізгі екі бағытпен салыстырма жасайды. Бұл мемлекетаралығына және мемлекет ішіндегі ірі қалалар арасына жүргізеді. Әдістемесіне сүйенетін болсақ, министрлік немесе комитет, операторлар тарапынан ол компанияға ешқандай ақпарат жіберілмейді. Компанияда жүктелген арнайы қосымша бар. Қосымшаны пайдалану арқылы өлшемдер өткізіледі. Өлшем мен сол ақпаратқа сүйеніп рейтинг құрылады. Ол бізге тәуелсіз рейтинг. Астананың позициясының өсуі нақты факті– дейді Ержан Мейрамов.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.