Қазақстан мен Өзбекстан әскери қызметшілері «Қанжар-2023» оқу-жаттығуының бірінші кезеңін өткізді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 тамыз, 2023

2-5 тамыз аралығында Ташкент облысының Шыршық қаласындағы Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерін модельдеу ғылыми-зерттеу далалық оқу орталығының базасында «Қанжар-2023» бірлескен жедел-тактикалық компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2023 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өткен оқу-жаттығуға 18 қазақстандық әскери қызметші қатысты.

Сапар барысында қазақстандық әскери делегация Модельдеу ғылыми-зерттеу далалық оқу орталығының, сондай-ақ Шыршық жоғары танк командалық-инженерлік училищесінің оқу-материалдық базасымен танысты.

Компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығулар – әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын жетілдірудің перспективалық бағыты. Мұндай әдіс күштер мен құралдарды қолдану нұсқаларын модельдеуге мүмкіндік береді.

Киберкеңістікте жауынгерлік міндеттерді пысықтағаннан кейін Маңғыстау облысының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Қанжар-2023» оқу-жаттығуының екінші кезеңі басталды. Ол 12 тамызда аяқталады.

873

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.