"Қазақстанда ғылым дамымаған" - Канадада жұмыс істейтін қазақ ғалымы

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 7 тамыз, 2023

Бұдан бір ай бұрын Желіде "Қазақстанда ғылым дамымаған" деген пікір айтқан Дінмұхамед Шахманның видеосы аз уақытта көп қаралым жинады. Оның айтуынша, елімізде медиа кеңістікте тек танымал блогерлер көрініс табады. Ал ғылыммен айналысатын жастар әдетте тасада қалады. Бұл ойды Желі қолданушылары қолдап, түрлі пікір қалдырған, деп хабарлайды Turkistan Today.

Дінмұхамед Шахман мектеп кезінен химия саласын зерттеуге көңіл бөлген. Қазір ол Канадада жұмыс істейді, одан басқа, университет қабырғасында бірнеше шәкіртақы иегері атанған. Massaget.kz тілшісі кейіпкермен жастар арасында ғылымды қалай дамытуға болатыны және оның ғылым саласында жетістікке жету жолы туралы сұхбаттасты.

Алғашында бұл қызығушылық емес, жай кездейсоқтық болған

Дінмұхамед Шахман 7-сыныптан бастап химияны терең оқуды қолға алған. 2010 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебіне түскен ол бірден химия пәнінен олимпиадалық резервке өткен. Оның ғылым саласындағы жолы осы уақыттан басталады.

"Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түскенімде химия пәнінен олимпиадалық резервке іріктеу болды (бірақ жетінші сыныпта химия пәні оқытылмайды - еск.). Іріктеу нәтижесі бойынша олимпиадалық резервке түсіп, химияны оқуға кірістім. Республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған сайын бойымда сенімділік артты. Сондықтан химия қызығушылық емес, кәсібім дер едім", - дейді ол.

Дінмұхамедтің айтуынша, оның олимпиадалық резерв іріктеуінен өткені кездейсоқ жағдай. Ол сол кезде химияға қандай да бір қызығушылығы болмағанын айтады.

Фото: Дінмұхамедтің жеке архивінен

Талмай еңбек ету қандай нәтиже әкелді?

Алайда кейін ғылымның бұл саласы арқылы кейіпкер ел аралап, түрлі шәкіртақы, жүлде иегері атанды. Дінмұхамед мектепті тәмамдаған соң 2015 жылы Назарбаев университетіне химия мамандығына оқуға түскен. Екінші курста оқып жүрген студент Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақыны жеңіп алса, кейін Оңтүстік Кореядағы университеттердің бірінде тағылымдадан өту мүмкіндігіне ие болған.

"Екінші курста Есенов атындағы шәкіртақыны жеңіп алдым, ол кезде бір жылға айына 25 мың теңге төленетін. Кейін жазда Оңтүстік Корея университетінде тағылымдамадан өттім, онда барлық шығын өтелді. Үшінші курста Есенов атындағы қордың шетелде ғылыми тағылымдамадан өту конкурсы жеңімпаздарының бірі болдым. Бағдарлама бойынша алдымен Францияда, кейін Канадада білімімді жетілдірдім. Бакалавриаттың аяғында магистранттарға арналған DAAD неміс стипендиясының иегері атандым", - дейді кейіпкер.

883

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.