Қаңтар — халық депозиттері үшін «күнтізбелік шұңқыр» саналады. Желтоқсанда көрсеткіштер көбейгеннен кейін әдетте қаңтарда құлдырайды. Биыл қаңтарда да осылай болды: ҚР ЕДБ бөлшек депозит портфелі бір айда 136,2 млрд теңгеге (немесе 0,8%) азайып, 2022 жылдың 1 ақпанында 16,8 трлн теңге болды. Салыстыру үшін: былтыр қаңтар айының қорытындысы бойынша халықтың депозит портфелі 345,1 млрд теңгеге (немесе 2,6%) төмендеген еді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Дегенмен, биыл қаңтарда өте қызықты үрдіс байқалды: осы кезеңде ірі банктердегі депозиттер көлемінің дәстүрлі қысқаруы аясында ҚР-дағы кейбір ЕДБ оң динамика көрсетті. Ең көп айлық өсім Фридом Финанс банкінде тіркелді: 17,8 млрд теңгеге көбейіп, 327,1 млрд теңгеге жетті. Екінші орында Еуразиялық Банк: 13,7 млрд теңгеге ұлғайып, 868,5 млрд теңгеге жетті.
Bereke Bank үздік үштікті түйіндеп тұр: бір айда халықтың қаржы институтындағы депозиттері 9 млрд теңгеге өсіп, 214,7 млрд теңгеге жетті. Бұл өте таңғаларлық факт: банк өз жұмысын толығымен қалпына келтірді, енді ол да санкциялардан ресми түрде шығарылды. 2023 жылдың 8 наурызында АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) қаржы институтын Specially Designated Nationals (SDN) санкция тізімі мен секторлық санкция тізімінен (SDN) алып тастады. Бұған акционер мен банк атауының өзгеруі ықпал етті. Еске салайық: 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Bereke Bank» АҚ негізгі акционері «Бәйтерек» ҰБХ.
Қазір банк депозиттерді, оның ішінде халықтың депозиттерін белсенді түрде тартуда. Атап айтқанда, наурыз айында қазақстандықтар үшін ұлғайтылған мөлшерлемемен (17,2%-ға дейін) депозиттер бойынша көктемгі науқан басталды. Сіз депозитті бөлімшеде де, мобильді банкинг арқылы да аша аласыз. Еске салайық: Bereke Bank депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің (ҚДКҚ) мүшесі.
Жалпы, сектор бойынша ҚР-дағы 21 ЕДБ арасында бір айда 9 банкте өсім байқалды, 10 қаржы институты көрсеткіші төмендеді, тағы 2 банкте жеке тұлғалардың депозит портфелі іс жүзінде өзгеріссіз қалды.
Бір жылда, яғни 2022 жылдың қаңтар айының қорытындысымен салыстырғанда қазақстандық банктердегі халықтың депозиттерінің жалпы көлемі 3,7 трлн теңгеге өсті.
ҚР ЕДБ жиынтық портфеліндегі жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесі 1 ақпанда 53,9% болды. Бір ай бұрын 53,6%, бір жыл бұрын 51,3%, бес жыл бұрын 48,6% және он жыл бұрын 39,9% болған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.