Халқымыздан жасырылып қалған тарихи құнды деректер қайтарылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 ақпан, 2023

2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат елге қайтарылды, деп Turkistan Today хабарлайды ҚР МСМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар. Оларды қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар зерттеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия секілді және т.б. Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген.

Былтыр ғалымдарымыз 14 мемлекетке іздестіру-зерттеу жұмыстарымен барды. Олар жинаған құжаттар қатарында 445 фотосурет, 206 кітап және сирек қолжазбалар бар. Хронологиялық тұрғыдан 918-1990 жылдар аралығын қамтиды.

Қайтарылған құжаттар ҚР Ұлттық архивіне тапсырылды. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бағалы тарихи құжаттарды тарату үшін фотоальбомдар, жинақтар, хронографтар, өмірбаяндық анықтамалықтар және басқа да пайдалы материалдар баспадан шығарыла бастады.

«Археологтар мен тарихшыларымыздың жұмысы мұнымен бітпейді. 2025 жылға дейін қазақстандық ғалымдар шетелге тағы бірнеше экспедиция жоспарлап отыр»,-деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Фото: ustinka.kz

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.