Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.
Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды, - делінген мәліметте.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.