Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков жергілікті өзін-өзі басқару кеңесіне біраз өкілеттілік берілетініне қатысты пікір білдірді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ол кеңесті құру кезінде қосымша ауыл округінен тағы бір ауыл әкімін сайлау қажеттігі туралы ұсыныс білдірді.
Бүгінгі таңда ауыл әкімдерінің барлығын халық сайлайды. Кеңеске алдағы уақытта бірқатар өкілеттілік берілетіндіктен, ауыл әкімі мен кеңес төрағасының арасында кикілжің туып, былайша айтқанда «Қойшы көп болса, қой арам өлмей ме?» деген мәселеге келіп тірелмей ме деген ойымыз бар, – дейді депутат.
Ол өз тарапынан жұмысшы топ құрып, ауылдарға бару қажеттігін тілге тиек етті.
Шын мәнінде елге қажетті мәселені айқындау керек сияқты. Бүгінде халық әртүрлі мәселемен тікелей ауыл әкіміне жүгінеді. Ертеңкүні кішкентай ауылда халықтың өзі екіге бөлініп, ырду-дырду болып жатпасына кім кепіл деген мәселе бар. Сонымен бірге ауыл әкімін босату жөнінде мәслихатқа ұсыныс енгіземіз деп отырсыздар. Ауыл әкімі де тура солай халықпен сайланатын адам. Ертең ол үстінен «мен сені босаттырам» деп отыратын болса, халық бір жақта, екі басшы бір жақта қалып қоймай ма деген ой туындап отыр. Ауыл әкімінің бюджеті қазір көп емес. Енді-енді беріп жатыр. Осы мәселені терең зерттеуіміз керек, – деді мәжілісмен.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.