Биыл бірінші тоқсанда спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет көлемі 164,9 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 39,1% көбейді. Қызметтердің физикалық көлемінің нақты өсімі 20,8%.
Былтырғы сәйкес кезеңде саладағы қызмет көлемі 118,5 млрд теңгені құрап, жылдық өсім 2,5 есе болған.
Өңірлер бойынша спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет ең көп көрсетілген өңір Алматы қаласы: 97 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 42,1% көп.
Одан кейін Астана (15 млрд теңге, бір жылда 39,4% өскен), Қарағанды облысы (4,9 млрд теңге, 16,4% өскен) және Шымкент (4,9 млрд теңге, 92% өскен).
Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген: 939,1 млн теңге.
Саладағы қызметтердің жалпы көлемінде спорттық қызмет 46,9 млрд теңге болып, бір жыл бұрынғыдан ақшалай 34% өсті. Соның ішінде спорт клубтарының қызметі бір жылда 1%, 7,2 млрд теңгеге, спорт нысандарын пайдалану 11,1%, 7,1 млрд теңгеге дейін көбейді. Бірақ фитнес клубтар қызметі керісінше 22,6%, 6,8 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 118 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 41,3% ұлғайды. Соның ішінде ойын-сауық және тақырыптық саябақтардың қызметі бір жылда 57%, 2,7 млрд теңгеге дейін, қуыршақ театрлары — 75%, 298,5 млн теңгеге дейін, би залдары мен дискотекалар — 23 есеге жуық, 132 млн теңгеге дейін өсті, есесіне родеолар мен тир ату қызметі 81,7%, 322,2 мың теңгеге дейін азайды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.