Елдегі бүкіл түйенің үштен екісі үш өңірге тиесілі, деп хабарлайды Turkistan Today.
Биыл 1 шілдеде республикада 282,3 мың түйе болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,4% көп.
Өңірлер бойынша ең көп түйе Маңғыстау облысында тіркелді: 89 мың, бір жылда 4,2% көбейген. Екінші және үшінші орында Қызылорда (63,7 мың түйе) және Түркістан (42,7 мың түйе) облыстары орналасқан. Осы үш өңірде республикадағы жалпы түйенің 69,2%-ы бар.
Түйелердің өлу көрсеткіші алты айда 16,3% төмендеп, 374 болды. Биыл мұндай оқиға тек 7 облыста тіркелген. Соның ішінде 65%-ы Маңғыстау облысына тиесілі.
Бұл ретте төл саны 1,5% көбейіп, 46,9 мыңға жетті. Әрбір 100 інгенге 34 төлден келеді, былтыр да көрсеткіш осындай болған.
Биыл шаруашылықта 6,3 мың тонна түйе сойылды немесе союға сатылды (былтырғымен салыстырғанда 3,3% көп), сойып сатылғаны 3,3 мың тонна (3,1% көбейген) болды.
Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тірідей және сойып сатылған түйе көп болды.
Еске салайық, Батыс Қазақстан облысының шаруалары түйе шаруашылығын субсидиялаудың жоқтығына шағымданған, деп хабарлайды Хабар24. Облыс қос өркешті мал өсіруден, шұбат пен түйе етін өндіруден алдыңғы орындарда. Республика бойынша бұл жануарлардың жалпы саны 270 мыңнан асатын болса, олардың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында бар болғаны 2,6 мың түйе бар, бұл былтырғыдан 1,6% аз.
2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, түйе және түйе тұқымдас басқа жануарларды өсіруде негізгі капиталға инвестиция 78,4 млн теңгені құрады, бұл былтырғыдан бірден 33,5% аз.
Салаға салынған инвестиция үш өңірде ғана байқалды. Инвестициялардың ең көп көлемі Түркістан облысына түсті: 70,3 млн теңге, бір жыл бұрын 600 мың теңге ғана болған. Маңғыстау облысында түйе шаруашылығына құйылған инвестиция 4,5 млн теңге, Алматыда 3,6 млн теңге болды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.