Локализациялауды арттыру және жаңа зауыттар: Қазақстан отандық өндірісті дамытуға басымдық береді

Жаңалықтар 28 қаңтар, 2025

2024 жылы Қазақстан Үкіметі отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазақстандық тауар өнідрушілерден сатып алынатын тауарлар тізбесі 4,5 мың атауға дейін – яғни, 3 есеге ұлғайтылды. Реттелетін сатып алулар аясында жалпы құны 1 трлн теңге болатын ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттар жасалды.

Өз кезегінде тауар өндірушілер кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға, өндірілетін тауар сапасын арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға, локализациялауды тереңдетуге міндеттеледі. Мысалы, автокөлік өндірушілердің локализациялауды биыл үштен бірге дейін, ал 2027 жылға қарай жартысына дейін арттыруға міндеттелді.

Премьер-министр сырттан келетін тракторлар мен комбайндарға берілетін субсидиялардан бас тартуды маңызды шешім деп атады. Бұл қазақстандық зауыттар өнімдеріне тапсырыстардың артуына ықпал етті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.