Лондондағы таланттар фестивалінде астаналық отбасының 3 баласы топ жарды

Фото: Ulys.kz
Фото: Ulys.kz
Жаңалықтар 21 қазан, 2024

Golden Time Talent - халықаралық таланттар фестивалі

Лондонда өткен «IV Golden Time Talent» атты фестивалінде қазақстандық өнерпаздар топ жарды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Аталмыш фестивальге әлемнің 71 еліненөнерпаздар болып, 29 мемлекеттен қазылар алқасы болды. «IV Golden Time Talent»байқауында  Гүлімай Талап фортепианодан жүлделі 3-орын, ал домбыра тарту өнерінен қазақстандық жас өрендер Нұрбақыт Талап пен Дінмуһаммед Талап жүлделі 1-орынды өзара бөлісіп, еліміздің көк байрағын көкке желбіретті.



Дінмуһаммед пен Нұрбақыт және Гүлім бір үйдің балалары. Дарынды балалар Астанада дүниеге келген. Олар кішкентайынан білімге зерек, өнерлі, білім озаты. Оған қоса, барлық мектепшілік шараларда белсенділік танытып жүреді. Мәселен,  Дінмуһаммед 2020 жылы Білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының сертификат иегері. «Балдаурен» республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты ұйымдастырған 1-11 сынып оқушылары арасында өткен олимпиададан математика пәні бойынша І орын алған. Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Туған елімнің көктемі» атты республикалық қашықтық конкурсының жеңімпазы ретінде І орынды қанжығасына байлаған.

Нұрбақыттың да жетістіктері жетерлік. 2019 жылы Халықаралық ПОНИ (Знайка)  сайысының жеңімпазы. «Қар карнавалы» республикалық интернет байқауының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталған. 2020 жылы «Человек и природа» Халықаралық ойын байқауының жүлделі ІІІ орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды.  2022 жылы Ғажайып жұлдыздар Республикалық байқауының домбыра аспабы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. «Тербесін бейбіт ел аспанын, Елімнің өнерлі жастары!» атты ІІ Республикалық онлайн өнер және шығармашылық байқауына домбырадан қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.  «Orken Star-2022» халықаралық байқауның ІІІ орын игері. Жалпы айта берсе жас дарындардың жетістіктері жетерлік.



«IV Golden Time Talent» байқауында  тағы да топ жарған Талап Гүлімай фортепианодан жүлделі 3-орын алған. 

Гүлімай халықаралық өнер және білім академиясы ұйымдастырған «Жаңа жылдық сұлулық» атты І Халықаралық музыкалық аспапта ойнау байқауына қатысып, І орынға табан тіреді. «Тәуелсіздік – менің елімнің ерлік жолы» атты республикалық шығармашылық байқауының «Әдеби шығармашылық» номинациясы бойынша І орын жеңімпазы. Ол республикалық онлайн олимпиада мен конкурстар сайтының ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадаға қатысып, І дәрежелі дипломымен марапатталды. Қазақ тілі пәнінен оқушылар арасында өткізген олимпиадасына белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін дипломмен марапаталды. «Балдәурен» республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты ұйымдастырған 1-11 сынып оқушылары арасында өткен олимпиададан қазақ тілі мен математика пәндері бойынша І орын иегері атанды.  2021-2022 жылдың қорытындысымен «ХІХ ғасыр көшбасшысы» медалімен марапаталды.

Айта кетсек, Golden Time Talent - халықаралық таланттар фестивалі. Фестивалдің басты мақсаты - ерекше таланттарды табу және оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беру. Латвия, Литва, Украина, Грузия, Польша, Болгария, Армения, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және басқа да көптеген елдер қатысатын аталмыш фестиваль вокалисттер мен музыкант, бишілер мен актерлар және суретшілер арасында өтеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.