1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның авиациялық базасында «Бала — еліміздің болашағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды,- деп хабарлайды turkistan.today
Шараға қатысқан бүлдіршіндер үшін мазмұнды әрі қызықты бағдарлама ұсынылды. Атап айтқанда, жедел мақсаттағы бригаданың кинологтары жаттықтырған «Самурай» атты қызметтік иттің арнайы қойылымы көрермендер көңілінен шықты.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер тас жолға сурет салып, ән мен би сайыстарында өнер көрсетті. Балалар Ан-74, Ан-26, Y8 ұшақтарын, сондай-ақ Ми-8 және Ми-171 тікұшақтарын өз көздерімен көріп қана қоймай, олардың кабиналарына кіріп, отырып көрді. Сонымен қатар әскери бронды және патруль машиналарының ішіне де еніп, өздерін нағыз сарбаздардай сезінді. Бұл техника түрлерінің арасында тек әскери мақсатта ғана емес, сонымен қатар арнайы операциялар барысында қолданылатын техникалар да болды.
Сонымен қатар Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен сахналық көріністер ұсынып, балаларға ерекше әсер сыйлады. Аниматорлар дайындаған қойылымдар мен би флешмобы да балалардың белсенді қатысуымен өтті.
— Ұлттық ұлан қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасына үнемі көңіл бөліп отырады. Бүгін балаларымыз түрлі қызыққа кеңелді. Ата-ана ретінде айтар алғысымыз зор, — деді іс-шараға қатысушы Гаухар Багашарова.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.