Мәулен Әшімбаев пен Танзила Нарбаева жол картасына қол қойды

Жаңалықтар 18 тамыз, 2025

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today

Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы Ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды.

Мәулен Әшімбаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіріп, делегация мүшелерін Өзбекстанның келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ ол екі елді тереңнен тамыр тартатын бауырластық, достық, тату көршілік дәстүр байланыстыратынын атап өтті. Палата Спикері мемлекет басшылары айқындап берген өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын әрі қарай жалғастыру, сонымен қатар орнықты болашаққа қол жеткізу және Орталық Азияның ортақ міндеттерін іске асыру жолында бірлескен іс-қимылдың маңызды екеніне назар аударды.

«Біздің елдеріміз арасында барлық деңгейде тығыз саяси қарым-қатынас жолға қойылған. Экономикалық өзара іс-қимыл белсенді дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстар да нығайып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттеріміздің басшылары – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Мирамонович Мирзиеевтің берік достығының, құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынасының және олардың ерік-жігері мен бірлескен жұмысының нәтижесі. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер мен Мемлекет басшыларының өзара сапарлары барысында маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Осы ретте Өзбекстан Президенті былтыр тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын ерекше атап өткен жөн. Соның аясында алдағы 10 жылға арналған стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген барлық келісімді тиімді іске асыруға өз үлесімізді қосу – біздің басты міндетіміз», – деп, Сенат Төрағасы келесі жылы Алматыда өтетін Өңірлік климаттық саммиттің негізгі тақырыптарына тоқталды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.