АЭС: Мамандар Қазақстан қанша ГВт электр энергиясын өндіретінін айтты

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Сараптама 30 қыркүйек, 2024

Реакторлық қондырғы соңғы мәрте 1998 жылы істен шығарылды

Қазір бүкіл әлем 3 және 3+  буынды су-сулы реакторларды пайдаланады және салуда. Тәжірибе көрсеткендей, олардың орташа қызмет ету мерзімі 60 жылдан 80 жылға дейін ұзарады,- деп хабарлайды turkistan.today

"60 жылдық пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін станция тексеріліп, қажет болған жағдайда мерзім ұзартылады. Неліктен біз су реакторлары туралы айтып отырмыз? Себебі әлемде осындай 300 реактор салынды.Біздің еліміз де осы жолмен жүреді, жан-жақты пысықталған әдістемелерді, озық технологияларды және бүгінгі әлемдік тәжірибені қолданатын боламыз", - деді "МАЭК" ЖШС БН-350 РҚ директоры Марат Молағұлов.

Мұндай реакторлардың бірі орташа есеппен 1,2-1,4 Гигаватт электр қуатын өндіруге қауқарлы. 

"Егер реактор 60 жыл жұмыс істесе және ол екі блокты болса, орташа есеппен 2,8 гигаватт қуат өндіреді. Пайдалы әсер коэффициенті —90%. Яғни, 2,8-ді 90% - ға көбейтіп, 60 жылға көбейтеміз. Міне, осындай арифметика. Кез келген қазақстандық оқушы осы атом электр станциясының қанша энергия беретінін бірден анықтайды", - деп қосты Марат Молдағұлов. 

Мамандар атап өткендей, Ақтау тұрғындарының көпшілігі реактордың артықшылықтарын жақсы біледі, өйткені өңірде 1973 жылдан 1999 жылға дейін БН-350 реакторлық қондырғысы жұмыс істеген.  

"Содан кейін ол пайдаланудан шығарылды. Әрине, өкінішті. Ол өзінің қызмет ету мерзімінің бір ғана циклінде жұмыс істеді. Реактордың жұмысы біздің қаланың тыныс-тірлігіне зор пайдасын тигізді. Біріншіден —тұрақтылық.  Екіншіден — газды үнемдеу. Сумен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе туындамады. Ағаштар,  көгалдар уақытылы суарылды", - дейді Марат Николаевич. 

«Реакторлық қондырғы соңғы мәрте 1998 жылы істен шығарылды. Өкінішті. Ешқандай апат пен ақау орын алмады. Тіпті дыбысы да шықпайтын. Іркіліссіз жұмыс істеген қуатты технологиядан қол үзу оңайға соқпағаны белгілі», - деп атап өтті "МАЭК" ЖШС еңбек ардагері Артур Ягудин.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.