МӘМС жүйесінен бас тартпаймыз – Тамара Дүйсенова

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 7 ақпан, 2024

Алайда медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне қатысты жаңа өзгерістер қажет. 

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты пікір білдірді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білесіздер, МӘМС-ке қатыспаған азаматтарға мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек бар. Жалпы МӘМС-тің өзі бойынша жұмысты бастадық. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы "дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қағазбастылықтан тоқтатыңдар" деп айтқан болатын. Бұрын әрбір мекеме 6 келісімшарт жасайтын еді, биылдан бастап оны бір мекеме бір келісімшарт жасайтындай еттік", - деді спикер.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, әрбір адамға көрсетілген медициналық көмектің бәрі тексерілетін болады.

"Мемлекет басшысы кепілдендірілген сақтандыру пакеттерінен бір пакет жасау керек екенін айтты. Оны қазір бастаймыз. Екіншіден, тарифті көтеру мәселесін де қарастырамыз. Үшінші мәселе азаматтардың қатысуы жөнінде. Қазір қатысуға мүмкіндігі бар, еңбек табысы бар азаматтарды тарту бойынша жергілікті жерлерде жұмыстар басталды. Мүмкіндігі жоқ азаматтарды жергілікті атқарушы органдармен бірге қарастыратын боламыз", - деп  жалғастырды ол.

Қазір 15 санатқа жататын 11 млн азаматқа мемлекет төлеп отыр.

Тілші "Біз МӘМС жүйесінен бас тартпаймыз ба?" деп нақтылады.

"Жоқ, бас тартпаймыз. Дүние жүзінде МӘМС әрбір емхананы, азаматтарды іздеп шақырып, көмек көрсетуді қарастыруы керек. Ал біз әлі өзіміз іздеп жүрміз", - деді Тамара Дүйсенова.

Бұдан бөлек Премьер-Министрдің орынбасары бұрынғы министр Ажар Ғиниятқа қатысты пікір білдірді.

"Ажар Ғиният дәрігер ретінде жақсы жұмыс істеді. Бірақ, әрине, МӘМС-те біраз мәселе бар. Осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер қажет", - деп түйіндеді спикер.

2.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.