Мемлекеттік бюджетке 1 трлн теңгеге жуық кіріс түсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 13 ақпан, 2024

Жоспар 111,5 пайызға орындалған. 

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында биылғы қаңтардағы  мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштеріне тоқталды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Республикалық бюджетке 521 млрд теңге кіріс түсті немесе жоспар 78,4%-ға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 143 млрд теңгеге орындалмады, оның ішінде салықтар бойынша – 151 млрд теңгеге. Биыл экономиканың үздіксіз өсуіне қарамастан, негізгі экспорттық тауарларға бағаның төмендеу үрдісі сақталып отыр. Мәселен, осы жылдың қаңтар айында металлдың бағасы орта есеппен 10,3%-ға төмендеді", - деді ведомство басшысы.

Сөзінше, бағаның төмендеу факторы, сондай-ақ ірі компанияларда туындаған логистика мен өткізудегі қиындықтар республикалық бюджеттің негізгі салықтары бойынша болжамды көрсеткіштердің орындалмауына әсер еткен.

Бұл корпоративтік табыс салығы, импортқа салынатын қосылған құн салығы, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы, деп жалғастырды ол.

"Қаңтар айынан бастап қосылған құн салығы бойынша өткен кезеңнің борыштарын қайтарып жатырмыз. Қосылған құн салығын қайтаруды жеңілдету және жеделдету үшін министрлік бірінші тоқсанның соңына дейін қосылған құн салығын қайтару қағидаларына тиісті өзгерістер енгізетін болады", - деді Мәди Такиев.

Министрдің дерегінше, жергілікті бюджеттердің кірістері 191,3%-ға атқарылды. Кіріс бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалған.

2.9k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.