Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 14% өсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 21 маусым, 2023

Кірістің 79%-ы салықтан түсті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биылғы қаңтар–сәуір айларында мемлекеттік бюджет кірісі 7,5 трлн теңгені құрады, бұл былтырғыдан 14,1% көп.

Салыстыру үшін: 2022 жылдың алғашқы төрт айында көрсеткіш бірден 42,4% өсіп, 6,6 трлн теңге болған.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің басым бөлігі дәстүрлі түрде салықтық түсімдер болды: жалпы көлемнің 79,4%-ы немесе 6 трлн теңге, бір жыл бұрынғыдан 21,3% көп.

Оның ішінде табыс салығы 2,5 трлн теңге, қосылған құн салығы — 2,2 трлн теңге, халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салық — 670,4 млрд теңге, әлеуметтік салық — 388,9 млрд теңге, мүлік салығы — 167,7 млрд теңге, заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер — 33,1 млрд теңге.

Бір жылда салықтық емес кіріс 28,6% өсіп, 133,3 млрд теңге болды, ал негізгі капиталды сатудан түскен түсім, керісінше, бірден 42,4%, 41,7 млрд теңгеге дейін азайды. Трансферттердің түсімдері де қысқарды — бір жылда 8,1%, 1,4 трлн теңгеге дейін.

Ұлттық экономика вице-министрі ведомствоның сән-салтанат салығын көбейту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бірыңғай жалғыз салық болмайды. Бұл акциздер мен мүлік салығы арқылы тауарлардың жекелеген санаттарына қосымша салық болмақ. Көлік құралдарына да ҰЭМ белгілі бір шекті белгілеуді ұсынады.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.