Мемлекеттік орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу туралы ақпарат

Жаңалықтар 6 мамыр, 2025

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді,- деп хабарлайды turkistan.today

2021-2024 жылдары республика бойынша барлығы 1 млрд. 150 млн. ағаш отырғызылды.

Тапсырманың орындалу мерзімінің ұзартылуына байланысты ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.

Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады.

Көшеттердің жасы 1-2 ж.;

биіктігі тұқымына қарай: жапырақты 10-30 см,

қылқан жапырақты ағаштарда 15-50 см.

-екпе көшеттер ормандарды қалпына келтіруде, сондай-ақ үлкен аумақтарда, материал бағасының төмендігі қажет болатын жаппай отырғызу кезінде қолданылады;

-республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман питомнигі бар, онда қазіргі уақытта 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі;

-орман заңнамасында мемлекеттік орман қорында аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.