Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 16 қыркүйек, 2023

Спортшылардың депутат, спорт басқармасына басқарғанына көзіміз үйрене бастаған еді. Биыл тіпті әлем чемпионы атанған спортшының облыс әкімдігінің тізгінін ұстағанын көз көрді. Осы ретте шенеунік атанған спортшыларды тағы бір шолып шыққанды жөн көрдік, деп хабарлайды Turkistan Today.

Асхат Шахаров (самбо, дзюдо) – Ақтөбе облысының әкімі

Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?
gov.kz

Жақында мемлекет басшысы самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан Мюхенде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Асхат Шахаровты Ақтөбе облысының әкімі етіп тағайындады. Ол әлем чемпионатында топ жарған спортшылар арасынан шыққан тұңғыш облыс әкімі.

Шахаров бұған дейін БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін атқарса, 2017 жылдың шілде айынан 2020 жылдың наурызына дейін БҚО Зеленов ауданының әкімі болды.

2020-2022 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында әкім болып қызмет етті.

2022 жылдан бүгінге дейін ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.

Ермек Маржықбаев (бокс) – Туризм және спорт министрі

Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?
Ақмола облысы әкімдігі

Ермек Боранбайұлы  – бокстан спорт шебері. КСРО тұсында шаршы алаңда жұдырықтасқан. Ағасы Берік Маржықбаев та бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Әйелдер арасында бокстан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова мен Азия чемпионы Римма Волосенко секілді шәкірттері тәрбиелеген.

Ермек Маржықбаев – осыған дейін 4,5 жыл Ақмола облысының әкімі болған. Жақында мемлекет басшысының жарлығымен жаңадан құрылған Туризм және спорт министрлігіне тағайындалды.

Азамат Бекет (бокс) – Ақтөбе қаласының әкімі

Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?
t.me/Aktobe_region

Ақтөбе спортшыларға билік тізгінін ерекше облыс болып тұр. Облысқа балуан әкім келсе, қаланы боксшы басқарып отыр. Азамат Бекет – 2000 жылдардың басында ол бокстан ұлттық құраманың мүшесі болды. Геннадий Головкин, Серік Сәпиевтермен бірге жүрген.

Ал мемлекеттік қызметтегі карьерасы 2016 жылы басталды. 2016–2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

 Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі) – Кеген ауданының әкімі

Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?
inform.kz

Олимпиада тұғырында тұрған спортшы да әкімдік креслоға жайғасты. 2008 жылы грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасында күміс жүлде еншілеген Нұрбақыт Теңізбаев та биыл Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болды. Ол бұған дейін 2018 жылдың қазан айынан Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келді.

Теңізбаев – жастар арасында әлем чемпионы (Стамбұл, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Руслан Кенжебеков (самбо) – Ақтоғой ауданының әкімі

Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?
gov.kz

Биыл ақпан айында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына самбодан 2018 жылғы әлем чемпионы Руслан Кенжебеков әкім болып тағайындалды.

Марокконың Касабланка қаласында 2018 жылыдң 19-22 қазан күндері аралығында самбо шеберлері арасында өткен әлем чемпионатында Ақтоғай ауданының болашақ әкімі жеңімпаз атанған. Сол уақытта Руслан Кенжебеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басқарған еді. 

Самбо шебері Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылының тумасы. 1978 жылы дүниеге келген ол 21 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етеді. 

Дәулет Тұрлыханов (грек-рим күресі) – Мәжіліс депутаты

Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?
gov.kz

Мәжілісте үнемі кемі 1-2 спортшы депутат болып тұрады. Әр жылдары Серік Қонақбаев, Ольга Шишигина, Серік Сәпиевтер депутат болған. Биыл қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов депутат болып сайланды.

Ол мемлекеттік қызметке бүгін келіп тұрған жоқ. 1996-1999 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс, Барселона Олимпиадасының қола жүлдегері. 1989 жылғы әлем чемпионы. КСРО-ның жеті дүркін жеңімпазы.

Ардақ Назаров (ережесіз жекпе-жек) – Мәжіліс депутаты

Министр, облыс әкімі, Мәжіліс депутаты. Спортшы-шенеуніктер туралы не білеміз?
t.me/mazhilis_kz

Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, аралас жекпе-жектен үш мәрте әлем чемпионы және әлем кубогының иегері, ережесіз жекпе-жектен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ардақ Назаров та биыл Мәжіліске Алматы облысынан депутат болып сайланды.

P.S. Спортшылардың арасында әкім, депутат, басқарма басшылары болғандары жетерлік. Бір кездері Афины Олимпиадасының жеңімпазы Бақтияр Артаев Жамбыл облысы Айша-бибі ауылында әкімі қызметін атқарған. Серік Сәпиев – Мәжілісте депутат, спорт және денешынықтыру істері комиетінде төраға болды.

2.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.