Моңғол халқы наурыз мерекесін қазақтармен бірге тойлады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі әлемі 4 сәуір, 2023

Моңғолияда биыл Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті. Этникалық қазақтар саны жағынан екінші орында тұрған елде палуандар күресі де осы мереке аясында өткен. Бұл туралы Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдағы қандасымыз Айдос Ғабиденұлына сілтеме жасаған Turkistan Today тілшісі хабарлайды.

2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан күрес жарысына биыл 128 палуан қатысқан.

Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгей жерлестер қазақ ұйымы өткізген шараға Моңғолия ұлттық күрес федерациясы, Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігі қолдау танытса, бұл шараға белгілі меценат әрі кәсіпкер Исламбек Салжанов басқаратын қазақстандық «Алтын Қыран» компаниясы да тыс қалмай демеушілік жасаған.

Биылғы жылы ұйымдастырылып отырған ұлттық деңгейдегі күрес спортына Моңғолия елінің президенті қатысуы тиіс болған. Алайда ел Президенті дәл осы мезетте басым көпшілігі қазақтар тұратын Баянөлке аймағында іссапарда болғандықтан, осы жылы қатыса алмаған.

Парламент мүшелері және этникалық қазақтар Х.Бәделхан, А.Тілейхан, Моңғолияның Еңбек, әлеуметтік қамқорлық министрінің орынбасары З.Сарқытұлы аталмыш шараға қатысып, қолдау танытқанын айта кеткен жөн.

Жеңіске жеткен балуандарға алғыс хаттар мен Алтын Қыран компаниясының ақшалай сыйлықтары табысталған.

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.